БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін бес жеңіспен бастады

Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының аясында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының алты өкілі рингке көтеріліп, олардың бесеуі жеңіске жетті.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов алғашқы кездесуінде Германия боксшысы Денис Брильді жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал 80 келіге дейінгі салмақтағы Сабыржан Аққалықов Қытай өкілі Ван Сяобаодан басым түсіп, турнирді сәтті бастады.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) Оңтүстік Корея боксшысы Ким Гичэге қарсы жекпе-жекте айқын басымдық танытты. Қазақстандық спортшы қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай да алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. Ол АҚШ өкілі Наджай Райттан басым түсті.

Әйелдер арасындағы жарыста Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Ирландия спортшысы Клиона Дарсиді мерзімінен бұрын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

Қазақстан құрамасы сапынан алғашқы күні жеңіліс тапқан жалғыз боксшы Наталья Богданова болды. 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Қытай өкілі Бао Цзыиге жол беріп, жарысты ерте аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем кубогының екінші кезеңін алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жетіп, табысты бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button