ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

1/8 финалда қазақстандық теннисші Германия өкілі Татьяна Мариямен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Кездесудің алғашқы партиясында неміс теннисшісі тай-брейкте басым түсіп, сетте жеңіске жетті – 7:6 (7:5). Алайда одан кейін Елена ойын тізгінін өз қолына алып, екінші сетті 7:5 есебімен ұтты. Шешуші партияда қазақстандық спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:0 есебімен жеңісті түйіндеді.

Осылайша, матч 6:7 (5:7), 7:5, 6:0 есебімен Елена Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Енді жартылай финал жолдамасы үшін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездеседі.

Лондондағы турнир Уимблдон алдындағы маңызды дайындық жарыстарының бірі саналады. Сондықтан бұл додадағы сәтті нәтиже Рыбакина үшін алдағы маусымның басты турниріне сенімділікпен келуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button