БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасының Қытайдағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін бокстан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін бекітті.

Халықаралық турнирде Қазақстан намысын 17 боксшы қорғайды. Құрама сапында әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен тәжірибелі спортшылармен қатар жас боксшылар да бар.

Ерлер құрамасына Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Тимур Қабдешов (55 келіге дейін), Серік Теміржанов (60 келіге дейін), Санаталі Төлтаев (65 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін), Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) енді.

Әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Лаура Есенгелді (70 келіге дейін), Наталья Богданова (75 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бокстан Әлем кубогының кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтеді. Турнирге әлемнің жетекші былғары қолғап шеберлері қатысып, рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button