КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы рейтингтік турнирді 12 медальмен аяқтады

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 12 медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен қазақстандық балуандар жеті жүлдеге қол жеткізді. Асыл Айтақын (61 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) күміс медаль иеленді. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Шамсат Таир (79 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Грек-рим күресінен Нұрасыл Аманалы 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, турнирді күміс медальмен аяқтады. Сонымен қатар Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер күресінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медаль түсті. Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта, ал Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырдағы рейтингтік турнирді 5 күміс және 7 қола медальмен аяқтап, халықаралық жарыста табысты нәтиже көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button