
Қазақстан ұлттық құрамасы Арменияға қарсы жолдастық кездесуде тең нәтижеге қол жеткізді. Ереванда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 50-минутында Максим Самородов есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл голға ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткізген Жасұлан Әмір нәтижелі пас берді.
Алайда алаң иелері көп ұзамай таразы басын теңестірді. Матчтың 53-минутында Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Эдуард Сперцян мергендік танытып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
Бұл матчта Қазақстан құрамасы сапында Әбинұр Нұрымбет пен Мақсат Абраев та алғаш рет алаңға шығып, ұлттық құрамадағы дебютін жасады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі жолдастық кездесуін 9 маусым күні Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.



