КҮРЕСТРЕНДТЕ

Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Нұрасыл Аманалы грек-рим күресінен Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан халықаралық рейтингтік турнирде күміс медаль жеңіп алды.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық балуан жарыс барысында финалға дейін сүрінбей жетті. Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде ол Үндістан спортшысы Нитешке қарсы күресті.

Тартысты өткен финалдық кездесуде үндістандық балуан 13:9 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Нұрасыл Аманалы турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Сонымен қатар 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Сұлтан Әсетұлы қола медаль үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Жанторо Мирзалиевке есе жіберді. Осылайша, ол жарысты жүлдесіз аяқтады.

Ұлан-Батырдағы рейтингтік турнир әлемнің көптеген мықты балуандарын жинаған маңызды жарыстардың бірі саналады. Бұл додада спортшылар халықаралық рейтинг үшін маңызды ұпайларды сарапқа салуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button