ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының спортшылары жеңіл атлетикадан өткен халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, үш жүлдеге қол жеткізді.

Елизавета Матвеева Кипрдің Лимасол қаласында ұйымдастырылған EKO Cyprus International Athletics Meeting турнирінде күміс медаль иеленді. Қазақстандық спортшы биіктікке секіру сайысында 185 сантиметр нәтижесін көрсетіп, екінші орынға тұрақтады.

Тағы бір қазақстандық атлет Кристина Овчинникова Польшаның Белосток қаласында өткен Mityng na Rynku w Białymstoku жарысында жүлдегерлер қатарына енді. Ол 187 сантиметр биіктікті бағындырып, қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар Полина Иванова Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен World Athletics Challenger сериясының кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Сырықпен секіру сайысында 4,20 метр нәтижеге қол жеткізген қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, қоржынға екі күміс және бір қола медаль салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button