КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль еншіледі

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 14 медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен Әділет Рысбай (71 келіге дейін) чемпион атанып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін) және Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен қазақстандық балуандар екі алтын медальға қол жеткізді. Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін) мен Мирас Махамбет (65 келіге дейін) өз салмақ дәрежелерінде үздік атанды. Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер болса, Әли Алмас (45 келіге дейін) пен Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.

Әйелдер күресінде Інжу Баққожа (46 келіге дейін) мен Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Ал Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, құрлықтық додадағы табысты өнерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button