ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ПСЖ қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы жеңімпазы атанды.

Будапештте өткен финалда париждік клуб Англияның «Арсеналын» пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңді. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Кездесу өте тартысты өтті. Лондондық команда алғашқы болып есеп ашқанымен, «Пари Сен-Жермен» таразы басын теңестіріп, матчты пенальти сериясына жеткізді. Шешуші сәтте «Арсенал» ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, чемпиондық атақ француз клубына бұйырды.

Осылайша, «Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасын қатарынан екі маусым бойы жеңіп алған Еуропаның санаулы клубтарының қатарына қосылды. Бұған дейін мұндай жетістікке соңғы рет Испанияның «Реал Мадрид» клубы қол жеткізген еді.

Бұл жеңіс «Пари Сен-Жерменнің» клуб тарихындағы екінші Чемпиондар лигасы титулы болса, бас бапкер Луис Энрике үшін үшінші еурокубоктық жеңіс болып тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button