ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы медалін жеңіп алды

Гонконгта өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Ұлттық құраманың қоржынына алғашқы медальді Мария Щипачева салды. Қазақстандық спортшы үш қарғып секіру сайысында қола жүлдеге ие болды.

Мария Щипачева өзінің ең үздік мүмкіндігінде 12,70 метр нәтижеге қол жеткізіп, үздік үштікке енді.

Бұл бағдарламада алтын медальді Қытай өкілі Ицин Се жеңіп алды. Ол 13,36 метрге секіріп, жарыстың чемпионы атанды. Күміс жүлде 12,84 метр көрсеткішпен Үндістан спортшысы Садхана Равиге бұйырды.

Айта кетейік, Гонконгтағы құрлық біріншілігі жалғасуда. Қазақстандық жеңіл атлеттер алдағы жарыс күндерінде тағы бірнеше медаль үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button