
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Ұлттық құрама маусым айында сырт алаңда екі матч өткізеді. Қазақстан футболшылары 6 маусым күні Армениямен, ал 9 маусымда Мажарстан құрамасымен кездеседі.
Бапкерлер штабы қорытынды тізімге 25 ойыншыны енгізді.
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар:
Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар:
Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).
Сонымен қатар ұлттық құраманың бапкерлер штабы да жарияланды. Бас бапкер қызметін Талғат Байсуфинов атқарады. Оның көмекшілері — Иван Азовский, Марат Еслямов және Елдос Ахметов. Қақпашылармен Юрий Новиков жұмыс істейді. Дене даярлығына Мұхтар Ерімбетов жауап береді.
Айта кетейік, бұл кездесулер Қазақстан құрамасы үшін алдағы ресми турнирлер алдындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.



