КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Азия чемпионатында төртінші алтын медалін жеңіп алды

Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы төрт жүлдеге қол жеткізді.

Кезекті жарыс күнінде еркін және әйелдер күресінің балуандары бозкілемге шықты.

70 келіге дейінгі салмақта Майис Алиев қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Осылайша, Қазақстан құрамасының алтын медаль саны төртеуге жетті.

57 келіге дейінгі салмақта Еламан Амангелді күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ әйелдер күресінде Алтын Шағаева (57 келіге дейін) мен Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) те финалға дейін жетіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы саны 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде.

Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Ислам Евлоев (97 келіге дейін) және әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) Азия чемпионы атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button