КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алды

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының балуандары грек-рим және әйелдер күресі бойынша алты медаль жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Өмірбек қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Күміс жүлдені Алина Ертөстік (76 келіге дейін) пен Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін) иеленді.

Ал Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) және Диас Нұрақов (63 келіге дейін) қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болса, Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола медаль еншілеген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button