
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті медальға қол жеткізді.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде ол ирандық Махди Хаджимусаимен күш сынасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша ирандық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.



