КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары жүлделерді сарапқа салды.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін сәтті бастап, екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Азия чемпионы атанғандар:

  • Айбек Айтбеков — 60 келіге дейін
  • Ислам Евлоев — 97 келіге дейін

Күміс жүлдеге ие болғандар:

  • Ибрахим Нұрмұхаммед — 72 келіге дейін
  • Әлихан Дурсунов — 77 келіге дейін
  • Джохар Узаров — 130 келіге дейін

Ал 82 келіге дейінгі салмақта Кирилл Минько қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button