
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесіне қол жеткізді.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте ол ирандық Махди Хаджимусаимен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Самирхон Абабакиров құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының сапынан Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) те Азия чемпионатының қола медальдарын иеленген болатын.



