КҮРЕСТРЕНДТЕ

Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді

Біріккен күрес әлемі ұйымы (UWW) 2026 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайтын қала ретінде Астананы ресми түрде бекітті.

Мұндай шешім ұйымның Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Жиын барысында халықаралық сапарларға әсер етіп отырған қазіргі геосаяси жағдай мен өзге де ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Бастапқыда әлем чемпионатын Бахрейннің Манама қаласы қабылдауы тиіс болған. Алайда UWW мен Бахрейн күрес федерациясы бірлескен мәлімдеме жасап, турнирдің басқа елге ауыстырылғанын хабарлады.

Инспекциялық сапарлар мен спорт нысандарының дайындығын бағалау нәтижесінде 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанға берілді.

Әлемдік дода Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Айта кетейік, Қазақстан астанасы бұған дейін де 2019 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаған болатын.

Турнирдің нақты күнтізбесі мен ұйымдастыруға қатысты қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button