
Қазақстан құрамасы таеквондодан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті медаліне қол жеткізді.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Эльдар Бірімбай қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда Иран өкілі Әмір Бахтияримен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша ирандық таеквондошы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Эльдар Бірімбай құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының сапынан 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те қола жүлдеге ие болған еді.



