
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің А лигасында бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы 6-топта өнер көрсетеді. Топтық кезең матчтары Грекияның Салоники қаласында өтеді.
Жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойынын 3 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді. Екінші турда 6 маусымда Сербиямен кездессе, 9 маусымда алаң иелері Грекия құрамасына қарсы матчпен топтық кезеңді аяқтайды.
Қазақстан U-19 құрамасына шақырылған ойыншылар:
Қақпашылар:
Никита Килджиев («Шахтер»), Камиль Гайнуллин, Данила Буч (екеуі де – «Қайрат»).
Қорғаушылар:
Санат Нұрболат, Райымбек Кеңесбеков, Абдулазиз Мамедов, Алан Аракельянц, Әкежан Қалиқұлов (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Данил Соболев, Хасен Артурұлы (екеуі де – «Тараз»), Әлихан Жексенбек («Астана»).
Жартылай қорғаушылар:
Нұрхан Қағазбаев, Даниял Назаров (екеуі де – «Шахтер»), Төре Исмағұлов, Аламгир Смақов, Әлиден Мұсайыпов, Евгений Петрик (бәрі – «Қайрат»), Арафат Молдағалиев («Тұран»).
Шабуылшылар:
Абылай Төлеухан, Исмаил Бекболат, Дәулет Орынбасар, Ермұхаммад Керімхан (бәрі – «Қайрат»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Дінмұхамед Махмұдов («Оңтүстік Академиясы»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания).



