
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Отандасымыз жұптық сында жартылай финалға жолдама алды.
Анна Данилина аталған жарыста ресейлік Екатерина Александровамен бірге өнер көрсетуде.
Ширек финалда қазақстандық-ресейлік жұп америкалық Эйжа Мухаммад пен венгриялық Фанни Штоларды жеңді. Тартысты өткен кездесу 7:5, 3:6, 10:6 есебімен аяқталды.
Енді финал жолдамасы үшін Данилина мен Александрова канадалық Габриэла Дабровски және бразилиялық Луиза Стефани жұбымен кездеседі.


