ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Елизавета Матвеева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама өкілі Елизавета Матвеева биіктікке секіру сайысында қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы жарыста 180 сантиметр нәтижесін көрсетті.

Азия чемпионатының алтын медалін өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева жеңіп алды — 183 см. Күміс жүлде қытайлық Цзявэнь Луға бұйырды — 180 см. Ал Гонконг өкілі Чун Вай Я да 180 см нәтижемен үздік үштікке енді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button