ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Нұрмұхамет Ботабай Испаниядағы European Open турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан European Open халықаралық турнирі аяқталды.

Қазақстан құрамасы жарысты бір медальмен қорытындылады.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрмұхамет Ботабай турнир жеңімпазы атанды.

Финалда қазақстандық дзюдошы АҚШ өкілі Ари Берлинерден басым түсті.

Сонымен қатар, Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Ақжігіт Насыр (66 келіге дейін) және Дастан Шаяхметов (73 келіге дейін) жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button