КҮРЕСТРЕНДТЕ

Күрес түрлерінен Қазақстан кубогы: барлық чемпиондар анықталды

Алматы қаласында өткен күрес түрлерінен Қазақстан іріктеу кубогы мәресіне жетті. Турнир қорытындысы бойынша грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ел чемпиондары анықталды.

Грек-рим күресі

55 келіге дейін — Алпамыс Дастанбек (Қызылорда облысы)
60 келіге дейін — Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы)
63 келіге дейін — Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)
67 келіге дейін — Бағдат Сабаз (Астана)
72 келіге дейін — Мәди Данелов (Алматы облысы)
77 келіге дейін — Демеу Жадраев (Алматы облысы)
82 келіге дейін — Ибрагим Магомадов (Қарағанды облысы)
87 келіге дейін — Шамиль Ожаев (Алматы)
97 келіге дейін — Юсуф Мациев (Қостанай облысы)
130 келіге дейін — Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы)

Әйелдер күресі

50 келіге дейін — Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау облысы)
53 келіге дейін — Шұғыла Өмірбек (Түркістан облысы)
55 келіге дейін — Айнұр Әшімова (Алматы қаласы)
57 келіге дейін — Нилуфар Раймова (Түркістан облысы)
59 келіге дейін — Гүлдана Бекеш (Қарағанды облысы)
62 келіге дейін — Ирина Кузнецова (Астана қаласы)
65 келіге дейін — Жаңыл Бекен (Алматы қаласы)
68 келіге дейін — Жамилә Бақбергенова (Алматы қаласы)
72 келіге дейін — Анастасия Панасович (БҚО)
76 келіге дейін — Гүлмарал Еркебаева (Астана қаласы)

Еркін күрес

57 келіге дейін — Нұрданат Айтанов (Жамбыл облысы)
61 келіге дейін — Аллан Оралбек (Абай облысы)
65 келіге дейін — Начын Куулар (Шымкент қаласы)
70 келіге дейін — Санжар Досжанов (Алматы қаласы)
74 келіге дейін — Нұрқожа Қайпанов (Алматы қаласы)
79 келіге дейін — Ерхан Әбіл (Алматы қаласы)
86 келіге дейін — Азамат Дәулетбеков (ШҚО)
92 келіге дейін — Омар Жұмаш (Алматы облысы)
97 келіге дейін — Ризабек Айтмұхан (Астана қаласы)
125 келіге дейін — Едіге Қасымбек (Алматы облысы)

Айта кетейік, Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманың негізгі тізімі жасақталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button