
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.
Отандасымыз жұптық сында ресейлік Павел Бар-Бирюковпен бірге өнер көрсетуде.
Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Үндістан теннисшілері Мукундр Сасикумар мен Адиль Калианпурды жеңді.
Тартысты өткен кездесу екі тай-брейкпен аяқталып, Ломакин мен Бар-Бирюков 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.
Енді финалда қазақстандық-ресейлік жұп Үндістан өкілдері Ники Калиянда Пунача мен Сакет Миненимен чемпиондық атақты сарапқа салады.



