
Қазақстан кубогының ширек финалдық кездесулері аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт команда белгілі болды.
Астаналық «Жеңіс» өз алаңында «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңді. Команда сапынан Сантана мен Адильо мергендік танытты. Осылайша Әли Әлиев шәкірттері келесі кезеңге өтті.
«Ақтөбе» күтпеген жерден «Алтайға» есе жіберді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында өскемендік клуб 4:3 есебімен жеңіске жетті. «Алтай» қақпашысы Әбілхайыр Алиакбар серия барысында екі пенальтиді қайтарды.
Шымкенттің «Ордабасысы» «Жетісуды» 1:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Матчтағы жалғыз голды Абагна соқты.
Тағы бір тартысты кездесуде «Қайсар» пенальти сериясында «Тобылды» 5:3 есебімен жеңді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталған болатын.



