ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Марат Байқамуров Астанадағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда молдовалық Вадим Гимбовскимен кездесті.

Шешуші белдесу барысында Байқамуров сенімді күрес көрсетіп, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медаль түсті. Бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақта Жалғас Қайролла турнир жеңімпазы атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button