
Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль үшін күресетін болды.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол командаласы Досхан Жолжақсыновты жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді Жалғас Қайролла чемпиондық белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен кездеседі.
Ал Досхан Жолжақсынов қола медаль үшін бразилиялық Дэвид Лимамен татамиге шығады.
Сонымен қатар, 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аңсарбек Ғайнуллин жартылай финалда ресейлік Данил Лаврентьевке есе жіберді. Қазақстандық спортшы енді қола жүлде үшін молдовалық Влад Митрумен белдеседі.



