ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Жалғас Қайролла Астанадағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде чемпион атанды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен күш сынасты.

Финал барысында Жалғас Қайролла айқын басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы ұлттық құраманың қоржынына алтын медаль салды.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде төрт жүлде бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Шерзод Давлатов пен Аңсарбек Ғайнуллин қола жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button