БОКСТРЕНДТЕ

40 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан U15 және U17 санатындағы Азия чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, 40 спортшыны жартылай финалға шығарды.

Қос жас санаты бойынша қазақстандық боксшылар 56 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласуда. Оның ішінде:

U15 санатында – 14 қыз және 10 ұл

U17 санатында – 8 қыз және 8 ұл

Енді отандастарымыз алдағы төрт күнде финал жолдамалары үшін шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, 15 мамырға дейін жалғасатын құрлық біріншілігіне 21 елден 460 боксшы қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button