
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Құрамға барлығы 36 футболшы енді.
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»).
Қорғаушылар:
Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де – «Елімай»), Сұлтанбек Астанов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар:
Айбол Әбікен, Батырхан Тәжібай (екеуі де – «Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов, Бауыржан Исламхан (барлығы – «Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар:
Роман Муртазаев, Иван Свиридов (екеуі де – «Елімай»), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Мағжан Тоқтыбай, Жасұлан Әмір (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей).
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 6 маусымда Ереванда Армениямен, ал 9 маусымда Дебрецен қаласында Мажарстан құрамасымен жолдастық матч өткізеді.



