ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Қазақстан триатлоннан Азия кубогында екі алтын жеңіп алды
Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы аяқталды.
Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен қорытындылады.
Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Валерия Шнейдер екінші нәтиже көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Ересектер арасындағы сайыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанып, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.
Осылайша, қазақстандық триатлоншылар құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетіп, екі алтын және екі күміс медаль еншіледі.



