ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы медалін жеңіп алды.

Шарболат лақтыру сайысында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Иван Иванов құрлық біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. Ол өзінің үздік мүмкіндігінде 19,41 метр нәтижені тіркеді.

Бұл сында алтын медальді қытайлық Чэнь Хунфэй жеңіп алды — 20,18 метр. Күміс жүлде оның отандасы Чэнь Чэньгуоға бұйырды — 19,64 метр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button