ТЕННИСТРЕНДТЕ

Қазақстандық теннисшілер Испаниядағы турнирде чемпион атанды

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Мадридте өткен ITF W15 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.

Қазақстандық дуэт жарыста екінші нөмірмен тіркеліп, финалға дейін сенімді ойын көрсетті. Шешуші кездесуде олар испаниялық Селия Сервино Руис пен словакиялық Тамара Шрамковаға қарсы ойнады.

Алғашқы сетте Арыстанбекова мен Дүйсебай 6:4 есебімен басым түссе, екінші партияда қарсыластар 6:2 есебімен жауап қайырды. Алайда супер тай-брейкте қазақстандық жұп 10:6 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл жұп өткен жылы да бірнеше халықаралық жарыста топ жарған болатын.

Сондай-ақ Қазақстанның жұптық сындағы көшбасшысы, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина Францияның Сен-Мало қаласында өткен челленджер турнирінде финалға шыға алмады. Ол америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге жартылай финалда тайбэйлік Чан Хао-Чин мен америкалық Ивана Корлейге 4:6, 6:7 (4:7) есебімен жол берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button