
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формасын ресми түрде ұсынды. Жаңа жиынтық Adidas компаниясы тарапынан UEFA-ның UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында әзірленді.
Жаңа форма екі нұсқадан тұрады: үйдегі матчтарға арналған сары түсті және сырт алаңдағы ойындарға арналған көк түсті жиынтық. Осы бағдарлама арқылы Қазақстан Еуропаның Adidas компаниясынан арнайы форма алған он ұлттық құрамасының қатарына енді. Жаңа экипировка алдағы екі жыл бойы қолданылады.
UEFA Kit Assistance Scheme бағдарламасы ұлттық қауымдастықтарды қолдауға бағытталған. Оның аясында командалар заманауи спорттық киіммен қамтамасыз етіліп қана қоймай, Adidas Locker Room жүйесі арқылы жеке дизайндағы формаларды әзірлеу және тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жаңа формадағы алғашқы матчын маусым айында өткізеді. Ұлттық команда жолдастық кездесулерде Армения және Венгрия құрамаларына қарсы ойнайды.



