ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Нұраділ Әлжан Душанбе Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

1 мамыр күні Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан финалдық кезеңге дейін жеткен жалғыз спортшы – Нұраділ Әлжан болды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін өткен белдесуде ресейлік Ачыты Домбуды жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы медалін еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button