ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ: 7-тур матчтары өтті, көш басында өзгеріс жоқ

Қазақстан Премьер-лигасының 7-туры аясындағы кездесулер аяқталды. Тур қорытындысы бойынша турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

Сенбі, 25 сәуір күні өткен ойындарда «Оқжетпес» пен «Қайсар» 1:1 есебімен тең тарқасты. «Алтай Өскемен» мен «Жеңіс» матчында гол соғылған жоқ — 0:0. «Ордабасы» сырт алаңда «Қызылжарды» 2:1 есебімен жеңсе, «Ақтөбе» «Ертісті» 1:0 есебімен ұтты.

Жексенбі, 26 сәуірдегі кездесулерде «Жетісу» «Ұлытауды» 2:0 есебімен жеңді. «Тобыл» өз алаңында «Каспийден» 2:1 есебімен басым түсті. Орталық матчта «Қайрат» пен «Елімай» 2:2 есебімен тең ойнады. Ал «Астана» «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді.

Жеті тур қорытындысы бойынша «Қайрат» 15 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Дәл осындай ұпаймен «Ордабасы» екінші орында келеді, ал «Елімай» 13 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты.

Алғашқы бестікті «Оқжетпес» пен «Астана» түйіндесе, турнир кестесінің төменгі бөлігінде «Алтай Өскемен» мен «Каспий» командалары орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button