
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының төрт боксшысы финалға жолдама алып, алтын жүлде үшін таласады.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева польшалық Анета Рыгельскаяны 5:0 есебімен айқын жеңіп, финалға шықты.
65 келіде Аида Әбікеева бельгиялық Ошин Дериуді 4:1 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге өтті.
85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы германиялық Валерий Вальтерді 5:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.
Ал 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының үш боксшысы турнирді қола жүлдемен аяқтады. Алуа Балқыбекова (51 келі) қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен есе жіберсе, Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін) польшалық Эмилия Котерскадан 0:5 есебімен жеңілді. Диас Молжігітов (80 келіге дейін) көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалда тоқтатты.
Финалдағы жекпе-жектер:
60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ребекка Сантос (Бразилия)
65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
80 келіден жоғары: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Венгрия)
85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауе Белини (Бразилия)



