
Бүгін Қазақстан футбол қауымы ел тарихындағы маңызды даталардың бірін атап өтуде.
2002 жылдың 25 сәуірінде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-конгресінде Қазақстан ресми түрде Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының құрамына қабылданды. Бұл шешім отандық футболдың жаңа кезеңге қадам басуына жол ашты.
Осы уақыт ішінде қазақстандық клубтар мен ұлттық құрамалар Еуропа аренасында тәжірибе жинақтап, өз деңгейін біртіндеп көтеріп келеді. Ел футболы халықаралық стандарттарға бейімделіп, инфрақұрылым мен жүйе тұрғысынан да айтарлықтай дамыды.
Алдағы уақытта да қазақстандық футболдың алдында үлкен мақсаттар мен маңызды міндеттер тұр. Оларды жүзеге асыру үшін бірлік пен жанкүйерлердің қолдауы шешуші рөл атқарады.



