
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі жалғасуда.
1/8 финал аясында Қазақстан құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шықты.
51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова болгариялық Златислава Чукановамен кездесіп, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева чехиялық Виктория Жилковамен жұдырықтасып, қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Ал ерлер арасында 65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы франциялық Уго Граумен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қарсыласы 3:2 есебімен басым түсіп, қазақстандық боксшы жарысты аяқтады.



