ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан камбэк жасап, әлем чемпионатындағы үшінші ойында жеңіске жетті

Қазақстан жасөспірімдер хоккей құрамасы Польшадағы Крыница қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Украина құрамасына қарсы кездесу қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды. Қарсылас алғашқы кезеңде екі шайба соғып, екінші кезеңде есепті 3:0-ге дейін жеткізді.

Дегенмен үшінші кезеңде біздің команда мінез танытты. Кездесудің ортасына қарай Владислав Ануфриев, Михаил Коленко және Никита Гридасов қатарынан үш шайба соғып, таразы басын теңестірді.

Матч соңына таман Матвей Решетько шешуші шайбаны соғып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Ал соңғы секундтарда Егор Кравченко бос қақпаны дәл көздеп, ойынның нүктесін қойды — 5:3.

Осылайша, Максим Худяков баптайтын команда үш матчтан кейін 9 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия мен Польша құрамаларын да жеңген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button