БОКСТРЕНДТЕ

Бүгін Бразилиядағы әлем кубогында алты қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

22 сәуір күні Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогы аясында кезекті жарыс күні өтеді. Бұл күні Қазақстан құрамасының алты боксшысы жекпе-жек өткізеді.

Кездесулер Қазақстан уақытымен екі сессияға бөлінген: күндізгі сессия 19:00-де, ал кешкі сессия 01:00-де басталады.

Күндізгі сессия (19:00):
54 келі: Назым Қызайбай – Виктория Рогалинска (Польша)
70 келі: Фарух Тоқтасынов – Севон Оказава (Жапония)

Кешкі сессия (01:00):
60 келі: Виктория Графеева – Емили Рзаева (Әзербайжан)
70 келі: Наталья Богданова – Бусеназ Сюрменели (Түркия)
50 келі: Даниал Сабит – Иштван Шзака (Мажарстан)
80 келі: Диас Молжігітов – Марлон Севехон (Аустралия)

Басқа жаңалықтар

Back to top button