
Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясындағы ойындар аяқталып, тур кестесінде өзгерістер болды.
Сенбі, 18 сәуір күні өткен матчтарда «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» 2:0 есебімен жеңсе, «Ертіс» «Жетісуға» 1:2 есебімен есе жіберді. «Елімай» мен «Астана» арасындағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал «Ордабасы» «Оқжетпесті» 2:1 есебімен ұтты.
Жексенбі, 19 сәуірдегі ойындарда «Ұлытау» «Тобылды» 2:1 есебімен жеңді. «Атырау» өз алаңында «Қызылжардан» 0:1 есебімен жеңілді. «Жеңіс» «Ақтөбеден» 1:0 есебімен басым түсті. Ал «Қайсар» мен «Алтай Өскемен» 1:1 есебімен тең тарқасты.
Алты тур қорытындысы бойынша «Қайрат» 14 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 12 ұпайдан жинаған «Елімай» мен «Ордабасы» орналасқан. Үздік бестікті «Қызылжар» мен «Оқжетпес» түйіндеп тұр.
Турнир кестесінің төменгі жағында «Алтай Өскемен», «Тобыл» және «Каспий» командалары келеді.



