
Испанияның Аликанте қаласында өткен таеквондодан халықаралық Spanish Open турнирі аяқталды.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте төрт медаль еншіледі.
Алтын жүлдені +87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бейбарыс Қаблан жеңіп алды.
Ал 63 келіге дейінгі салмақта Азим Ниязов пен 74 келіге дейінгі салмақта Дамир Шуленов күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Махмұтова қола жүлдені қанағат тұтты.



