
20–26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді. Бұл додаға рекордтық көрсеткіш — 50 мемлекет қатысады.
Жарыстың күндізгі сессиясы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталса, кешкі сессия 01:00-де өтеді.
Ерлер құрамасы:
50 келі (13 қатысушы), 1/8 финал:
Даниал Сабит – Иштван Шзака (Венгрия)
55 келі (27 боксшы), 1/16 финал:
Бағлан Кенжебек – Жирайр Саргсиян (Армения)
60 келі (27 боксшы), 1/16 финал:
Жансері Көшербаев – Джуд Галлахер (Ирландия)
65 келі (30 боксшы), 1/16 финал:
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Хассен Атиа (Тунис)
70 келі (29 боксшы), 1/16 финал:
Фарух Тоқтасынов – Джон МакКоннел (Ирландия)
Айта кетейік, келесі кезеңде ол әлем чемпионы Севон Оказавамен кездесуі мүмкін.
75 келі (9 боксшы), 1/4 финал:
Санжарали Бегалиев – Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері)
80 келі (23 боксшы), 1/16 финал:
Диас Молжігітов – Кай Ториабе (Жапония)
85 келі (7 боксшы), 1/4 финал:
Сұлтан Айбарұлы – Паоло Карусо (Италия)
90 келі (16 боксшы), 1/8 финал:
Дәулет Төлемісов – Фильо Исайас (Бразилия, Ливерпульдегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
Әйелдер құрамасы:
51 келі (23 қатысушы):
Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Михаела Бадеску – Златислава Чуканова (Болгария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
54 келі (20 қатысушы), 1/16 финал:
Назым Қызайбай – Айсен Таскин (Түркия)
60 келі (18 қатысушы), 1/8 финал:
Виктория Графеева – Емили Рзаева (Әзербайжан)
65 келі (22 қатысушы):
Аида Әбікеева 1/8 финалда Виктория Жилкова (Чехия) – Мезморизе Андерсон жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
70 келі (17 қатысушы):
Наталья Богданова 1/8 финалда Бусеназ Сюрменели (Түркия, Токио Олимпиадасының чемпионы) – Чиара Сарайелло (Италия) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
80 келі (3 қатысушы), жартылай финал:
Жібек Жарасқызы – Емилиа Котерска (Польша, U23 Еуропа чемпионы)
+80 келі (2 қатысушы), финал:
Валерия Аксенова – София Шира (Венгрия)



