
2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан әйелдер футбол құрамасы маңызды жеңіске қол жеткізді.
Грузияның Гори қаласында өткен кездесуде қазақстандықтар Беларусь әйелдер футбол құрамасы командасын 1:0 есебімен ұтты. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта Қазына Норбаева соқты.
Кездесу барысында Беларусь құрамасы 11-минутта бір ойыншысынан айырылып, алаңда он адаммен қалды. Бұл жағдай матч барысына әсер етті.
Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, топ көшбасшысы Беларусьпен ұпай санын теңестірді. Қазіргі таңда команда турнир кестесінде екінші орында келеді.
Келесі ойынын Қазақстан әйелдер футбол құрамасы 5 маусым күні сырт алаңда Армения құрамасына қарсы өткізеді.



