
2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан футбол федерациясы клубтарды лицензиялау жөніндегі комиссиясының отырысында 2026/2027 маусымындағы УЕФА турнирлеріне қатысатын командалар анықталды.
Ерлер арасындағы еурокубоктарға қатысу лицензиялары 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының нәтижелері мен УЕФА талаптарына сәйкестік негізінде берілді. Нәтижесінде Қайрат, Астана, Елімай және Тобыл клубтары еурокубоктарға қатысу құқығына ие болды.
Сонымен қатар, әйелдер арасындағы жарыстар бойынша Ақтөбе әйелдер футбол командасы 2026/2027 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу лицензиясын алды. Бұл шешім 2025 жылғы ел чемпионатының қорытындысы мен УЕФА регламентінің талаптарын орындау нәтижесінде қабылданды.



