
Қазақстандық дзюдошы Аруна Жангельдина Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
78 келіге дейінгі салмақта өткен үшінші орын үшін белдесуде отандасымыз Тайбэй өкілі Ван Цзесиге қарсы айқаста жеңіске жетті. Негізгі уақыт ұпайсыз аяқталғанымен, қарсыласы үшінші ескерту алып, жеңіс Жангельдинаға берілді.
Осылайша, Аруна Жангельдина Қазақстан құрамасының қоржынына Азия чемпионатындағы бесінші медальді салды.



