
Қазақстандық дзюдошылар Эсмигүл Куюлова мен Әділет Алмат Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Куюлова ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ё Джи Кимге қарсы белдесуде жеңіске жетті. Енді ол финал жолдамасы үшін Солтүстік Корея спортшысы Джи Хье Кимге қарсы татамиге шығады.
Ал 81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат ширек финалда Абылайхан Жұбаназардан басым түсіп, жартылай финалға өтті. Оның келесі қарсыласы кейін анықталады.
Сонымен қатар жұбаныш белдесулеріне Дана Әбдірова (57 келіге дейін) және Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) қатысады.



