ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Алидар Абдукаримов жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Алидар Абдукаримов Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

68 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Аюбхон Набиевке қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалды. Нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы жүлделер саны төртеуге жетті. Бұған дейін Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алса, Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай қола жүлдегер атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button