
Испанияның Пучсерда қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында (IB дивизионы) Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы алаң иесі Испания командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч барысы:
0:1 – Надежда Филимонова (Буторина, Шегай)
1:1 – Хименес
1:2 – Анастасия Оразбаева (Шегай, Филимонова)
2:2 – Серна Эскурдия
2:3 – Надежда Филимонова (Тұрсынова)
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті. Бұған дейін отандастарымыз Латвия мен Нидерланд құрамаларына қарсы ойындарда жеңіліс тапқан еді.



